Сондай-ақ синоптиктер Қазақстанның 9 облысында дауылды ескерту жариялады. Мамандардың болжамынша 18 тамызда бұл өңірлерде жел күшейіп, найзағай ойнайды. Шымкентте солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 метр секунд жел соғады.Түркістан облысының солтүстігінде,батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.