Түркістан
EN

Түркістандық 200-ге жуық балаға мектепке керекті құралдар табысталды

153
19.08.2022

Түркістандық 200 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар сөмке таратылды. Атомтай жомарт жандардың бастамасымен қолға алынған шара «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылған. Қала әкімінің қолдауымен қолға алынған игі іске әріптесіміз де қатысып қайтты 

Түркістандық 200 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар сөмке таратылды. Атомтай жомарт жандардың бастамасымен қолға алынған шара «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылған. Қала әкімінің қолдауымен қолға алынған игі іске әріптесіміз де қатысып қайтты 

Жайна Қасымбек Түркістан қаласының тұрғыны. Бүгінде 5 баланы тәрбиелеп отырған ананың  3 баласы мектепте оқиды. Әлі қажетті құрал-жабдықтарды түгендеп үлгермеген анаға мектептің социологы хабарласып әкімнің қолынан сыйлық алатынын хабарлаған. Көңілге медеу болған қайырымдылық шараға  іліккеніне қуанған көп балалы ана алғысын білдіріп отыр

ЖАЙНА ҚАМЫСБЕК – АТА-АНА: «Бүгінгі әсерім өте тамаша. Бұл жерге балам үшін келіп тұрмын. Ұйымдастырып отырған қала әкіміне рахмет.. Ауыр болып жүргенде балаларымызғ акөмек болғанына рахметімді айтамын». 

Кәсіпкерлердің демеушілігімен «Мейірім» акциясы ұйымдастырылды. Түркістандағы  әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына қала әкімі келіп, мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар сөмкені үлестірді.

НҰРБОЛ ТҰРАШББЕКОВ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Облыс әкімі Өмірзақ Естай ұлының тікелей тапсырмасына сәйкес мектепке оқу жылының алдында «Мейірім»акциясын ұйымдастырып, мектепке жол акциясына демеушілерді ұйымдастыра отырып, қаладағы аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына құрал-жабдықтармен оқылықтармен қаматамсыз ету мақсатында ұйымдастырып от рымыз.Ендігі кезекте балалар еліміздің ертеңгі ,бүгінгі таңда қандай да бір істер істеліп жатса да, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан істердің барлығы ел ертеңінің егеменеді еліміздің жастары үшін жасаланып жатыр».

Арнайы концерттік бағдарламамен жалғасқан игі шара мұнымен аяқталмайды. Балаларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлаған игі бастама оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.Яғни кезең-кезеңімен алдағы уақытта осы сынды шаралар жүзеге асады. Түркістан қаласының әкімдігінің ұйымдастырылуымен әлі 1000 баланың мектепке дайындығына қолдау көрсету жоспарда дейді қала әкімі.