Түркістанның қақ ортасында тұратын тұрғындар шаң топырақтан көз ашпай отырмыз дейді. Ал, жаңбыр жауса батпаққа батып күнелтетінін айтады. Барлығына да кінәлі жауапсыз мердігерлер екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын жолды жағалай қазып құбыр жүргізген компания істі аяқсыз қалдырып кеткен. Жұрттың базынасын әріптесім Айдана Дүйсенбаева тыңдап қайтты.
Бұл Түркістандағы ең үлкен Тәуке хан даңғылы. Мұндағы жаңадан төселген жолдардың бүгінде тоз тозы шыққан. Мамыр айында әуе желілерін кабельдік желіге ауыстырамыз деп жөндеу жұмыстары басталған. Сөйтіп жолды жағалай тереңдігі 1 метрге жуық шұңқыр қазылыпты. Алайда басталған іс көмусіз қалған. Қазірде ол жерлерге қоқыс толып, жұрттің аяқ алып басуы қиындапты. Бұл маң жазда шаң, қыста лай батпақ болатын көрінеді. Тұрғындар ашық-шашық жатқан шұңқырға балаларымыз құлап, жарақат ала ма деп алңдаулы.
МЕРВАХИД АРЗАМЕДОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ - Көшемізді май айында қазып тастаған.Білмейм не үшін. Кабельдер жатыр. Вело жол вообще жарамайды бәрін қазып қазып тастаған. Білмейміз кімге айтамыз шаршадық...
Мамандардың айтуынша өткен жылдың желтоқсан айында басталған бұл жөндеу жұмыстары 2023-жылға өтпелі екен. Дегенмен, қазірде құрылыстың 70%-ы аяқталыпты.
ЕРЖАН БЕКЗАТҰЛЫ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ - Бұл жердегі тұрғындардың шағымы бойынша мына шығып жатқан кабельдер шкафтардың орындарына қалдырып кеткен біздің орындарымыз.ол жерден осындағы барлық үйлерге желі тарайды. Сол үшін сол жерге динап, дайындап кеткеніміз біздің.,қазір вогзалдан бастап, базардың қасына жеттік. Жердің астынан жүргізілетін болғандықтан біраз уақыт куерек. Қолдың күшімен жасалынып жатқан соң.сондақтан жоғарғы кернеулі кабельдердің салыну жұмыстарына байланысты көмілмей тұр, енді осы аптаның соңына дейін қалпына кетіреміз бұл жерді.
Қазылған көшелердің алғашқысы бұл емес. Осыдан 1 жыл бұрын көше тұрғындарының өтінішімен ескі су құбырлары ауыстырылған. Содан бері веложолдың сапасы осы. Асфальті кеткен жолдың ортасы арам шөпке толып, адам шалынар жағдайға жеткен. Дегенмен, біз хабарласқан жауапты мекеме басшысы қыркүйек айында веложол қайта қалпына келтірілетінін айтты.