Түркістан
EN

Шымкентте таяқ жеген жігіттер түрмеге тоғытылды

268
18.08.2022

Шымкентте оншақты адам жабылып ұрып, езгінің астында қалған жігіттер темір торға тоғытылды.  Әлеуметттік желіде кең тараған базар маңындағы қырғын үшін сот ағайынды Мамыровтардың үлкеніне бір жыл 3 ай , кенжесіне бір жыл бір ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда, мұны сотталғандардың анасы тым ауыр жаза деп отыр. Ал, оларды оңдырмай сабаған азаматтарға қатысты фемида қызметкері шартты жаза қолданылыпты. Істің ақ қарасын Айдос Игіліков анықтап көрді. 

Шолпан Мамытбекова қайда барып, кімнен көмек сұрарын білмей дал. Өйткені айдың күннің аманында Аян және Саян есімді қос перзенті темір тордың арғы жағынан бір-ақ шыққан. Қайғыдан қан жұтқан ана құлыншақтарының таяқ жегені аздай, енді қылмыскер атанғанын сенбейді. 

Бұл оқиға былтыр 7 мамырда Шымкент қаласындағы Алаш базарының маңында болған.Анасының айтуынша  Аян мен Саян қарындасына араша түсемін деп таяқ жеген. Оларға  он шақты адам маған жабылыпты. Оның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарқап, көпшіліктің жағасын ұстатқан болатын. Сол кезде ағайынды Мамыровтар оңбай таяқ жеп, жағы сынып, ауруханадан бір-ақ шыққан еді.  

Ал бұл видеоларды көрген сайын жүрегім ауырады деген Аян Серіковтың жұбайы бізге сұхбат берді. Сот дәлелдемелік құжаттарымызды қабылдамады деп қынжылуда. Асыраушымыздан айрылдық деген 3 баланың анасы келер күні не боларын білмей дал. 

Әңгіменің ақ қарасын білмекке Абай аудандық сотының судьясынан сұқбат алуға тырыстық. Фемида қызметкері еңбек демалысына шығып кеткен екен. Ресми жауап берген құзырлы органның баспасөз қызметі судья үкім шығарарда қайта жазаны жеңілдеткенін хабарлады.  Қылмыскер "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты амнистияға" іліккен екен. 

Үкім. Сотталушы Мамыров Аян ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 4), 5) тармақтарымен, 293-бабы 2-бөлігі 1) тармағымен, ал М.С. 293-бабы 2-бөлігі 1) тармағымен кінәлі деп танылып, 1 (бір) жыл 3 (үш) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал  МАМЫРОВ САЯН 293-бабы 2-бөлігі 1) тармағымен кінәлі деп танылып, 1 (бір) жыл 1 (ай) мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал ағайынды Мамыровтардың қорғаушысы соттан тіптен көңілі қалған. Өйткені фемида қызметкері  қосымша дәлелдемелік құжаттарды мүлдем іске тіркемей,  видеоайғақты да қаперіне алмағанын айтады.  

Ал ағайынды Мамыровтардың туыстары соттың шешімімен келіспей,  аппелацияға шағым берген. Әділеттікті талап еткен ағайын-туыс соңына дейін баруға бекініп отыр.