Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы өзге тұлғалармен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бөлінген қомақты қаражатты бөліске салыпты. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алдын алу қызметінің басшысы Саян Ахметжанов онлайн брифингте айтты. Оның сөзінше, жыл басынан бері жол саласындағы жемқорлық бойынша 15 қылмыстық іс қозғалған. Солардың бірі Батыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшына қатысты. Ол жалпы сомасы 180 млн теңгеден асатын жұмыстардың орындалғаны туралы жалған актіге қол қойды деген күдікке ілінген.
САЯН АХМЕТЖАНОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ АЛДЫН АЛУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: « АУДАРМА!!! 2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 18 сотқа дейінгі тергеу ашқан болса, биыл жартыжылдықтың өзінде ғана 15 сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мұның бәрі –қылмыстық істер. Оның көбі ақша жымқыру, парақорлық лауазымдық өкілетін пайдалану баптарымен байланысты».
Ал 2 шетелдік компания жолға бөлінген 28 млрд теңгені оффшорға шығарғаны анықталған. Ақша жымқыру алгоритмі мынадай. Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты өтетін тендерде шетелдік мердігер компания шектен тыс төмен баға ұсынып, конкурс жеңімпазы атанады екен. Кейін келісімшарт бекітіліп, мердігерге аванс берілген соң ол ел аумағынан ізін жасырып үлгеретін көрінеді.
САЯН АХМЕТЖАНОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ АЛДЫН АЛУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ
АУДАРМА!!! Келісімшарт бекітілгеннен кейін мердігерге күмәнді банк ұсынған кепілдік бойынша аванс беріледі. Мысалы, Солтүстік Кипрде тіркелген Fortress Bank оффшорлық аймақта орналасқаны анықталып отыр. Бұдан кейін шетелдік мердігер компания Қазақстан аумағынан шығып кетеді. Ал құзыретті комитет сот төрелігіне жүгінеді. Талдау кезінде осындай екі шетелдік компания анықталды. Олар жеңіп алған тендердің жұмыстарын қажетті деңгейде орындамай, Қазақстан бюджетіне 28 млрд теңгеден астам шығын келтірген.