Түркістан
EN

"Түркістанды көргім келеді" жобасы аяқталды

208
17.08.2022

«Түркістанды көргім келеді» жобасы өз мәресіне жетті. 3 күнге созылған көне шаһарға саяхат жоба қатысушыларына ерекше көңіл-күй сыйлады. Елімізден ғана емес, алыс шет елден келген қала қонақтары жаңарған қаланың тарихи нысандарынан сыр шертті. 5 қатысушының қайсысы жеңімпаз атанды? Олардың бағдарламадан алған әсерін әріптесіміз толықтырады 

Осыдан 2 ай бұрын басталған «Түркістанды көргім келеді» жобасы аяқталды.  Нұр-Сұлтан, Маңғыстау мен Түркістан, Түркия мен Өзбекстаннан арнайы келген қатысушылар бір уақытта аймақтың сакралды жерлерін аралады. Сайыс нәтижесін хабарлауға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысушылармен дөңгелек үстел өткізді. Түркістан тарихынан сыр шертіп, жоба барысында алған әсерлерін сұрады. 

Татулықты ту еткен жоба қатысушылары өзара бауыр басып та үлгерді. Арнайы комиссия бір үйдің балаларындай болып қалған қала қонақтарының көңілін қалдырмады. Сүйтіп достық жеңіске жетті. Бесеуі де бір деңгейде белсенділік танытып, барынша әлеуметтік желіде оқырмандарына Түркістанды насихаттады. Облыс әкімдігінің тарапынан байқауға қатысушы әр адамға кәдесый табысталды

Қатысушылардың қуанышында шек жоқ. Мұндай мүмкіндік кез-келген адамға бұйырмайды дейді олар. Арнамыздың жаңа жобасына жоғары баға берген олар барлық ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. 

Ерекше, еркін форматтағы бағдарлама соңын «Түркістан медиа холдингі» ЖШС бас директоры, идея авторы Жанахмет Ағыбаев мырза қатысушылармен брифинг өткізіп қорытындылады. Алдағы уақытта 2-маусымы да болуы мүмкін дейді бас ұйымдастырушы. Бұған жан-жақтан қызығушылық танытып, сұранысқа ие болу қарқынының жоғары болуы себеп болып отыр екен 

ЖАНАХМЕТ АҒЫБАЕВ – «TURKISTAN MEDIA HOLDING» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ - Сөз соңында қатысушылар өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Тек елімізден бөлек, халықаралық көлемді қамтыған жобаға енді алыс-шалғайдағы қандастарымыз да қатысса екен дейді 

Айта кетейік, 14 тамыздан бері қатысушылар өз елдерінен Fly Arystan әуе компаниясымен рухани астанаға тегін ұшіп келіп, «Rixos Turkistan» 5 жұлдызды қонақ үйіне жайғасқан. Олар саяхатты Түркістанның жүрегі саналатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен бастап, Арыстан баб кесенесіне барып тәу етті. Укаша ата мен Домалақ анаға арнайы ат басын бұрды. Отырар қалашығына табан тіреп, «Ақмешіт» үңгірінің табиғи құрылымына таң қалысты. Облыс орталығындағы  «Керуен сарай» көпфункуионалды кешенін көріп, Қазақстандағы алғашқы 8Д форматындағы «Алтын Самұрық» кинотеарына барып ерекше әсерге бөленді.