Бір зат екі түрлі бағада сатылуда. Өткен аптада арнамызға Жаңа қала аумағында орналасқан «Мулкаман» дүкеніне қатысты шағым түскен еді. Тұрғындардың айтуынша, күндіз сатып алған зат түнде үстеме баға қосылып саудаланады. Себебі «түнгі тариф» деген жаңа система орнатқан. Бұған қатысты біз Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірлік бөліміне хат жолдаған едік. Тұтынушылар шағымы негізінде департамент тарапы ресми жүрде жауап берді. Тиісті сала өкілі, аталған дүкенге қатысты заң бұзушылықтың күші жойылғанын мәлімдеді.
ДАНАБЕК МАХАТОВ – ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҚР Кәсіпкерлік Кодекстің 174 бабы 11-тармағында бағаларды әртүрлі қою бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Осы бойынша кәсіпкерлік субъектісіне 198 бабтың 1 тармағы бойынша ескерту берілді. Қазіргі таңда кәсіпкерлік субъектісімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту толыққанды орындалды. Заң бұзушылықтар жойылды.