Түркістан
EN

Азық-түлік бағасы қатаң бақыланады

102
17.08.2022

Мемлекеттік органдар азық түліктің қымбаттайтыны жөнінде ертерек біліп, оның алдын алуы керек.ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайлов Үкіметке осындай тапсырма жүктеді.Әлихан Асқанұлы өзі де қант бағасының шарықтауына қатысы болуы мүмкін компанияны тексеру үшін монополияға қарсы агенттікке пәрмен бергенін айтты.Мұндай мәселенің көтерілгеніне біршама уақыт болғанын жеткізген министрлер кабинетінің жетекшісі жауапты органдар түйіткілдің салдарымен емес себебімен күресу керек дейді.   

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ  - Тағы да назар аударатын жағдай – өңірлердегі делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысын жандандырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға үстемесінің 15% мөлшерінде болуын ерекше бақылауда ұстауы керек. Сондай-ақ,әкімдіктер ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу үшін келісім-шарттардың уақтылы жасалуына да бақылауды күшейту керек.