Түркістан
EN

"Тұран" академиясының жас футболшылары Қазақстан чемпиондары атанды

303
17.08.2022

«Тұран» футбол академиясының 2004-05 жылы туған балалардан құралған командасы Қазақстан чемпионы атанды. Сүйтіп жастар арасындағы Чемпиондар лигасына жолдама алды. Әдетте бұл турнирде Қазақстан атынан тек «Қайрат» немесе «Астана» ғана өнер көрсетсе, биыл күтпеген жерден «Тұран» жігіттері екі үлкен клубтың гегемониясын үзді. Қазақстан чемпионатының соңғы матчын «Қызылжарға» қарсы өткізіп жеңіске жеткен футболшыларды ата-аналары мен жанкүйерлері Шымкент вокзалынан күтіп алды. ШУМ

ЕРЖАН ЖАНТІЛЕУОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ - Мен балам кетер кезде айтқанмын: Әрбір қазақ баланың қамын ерекше етіп ойласын, өз тойын өзгеден ерекше етіп тойласын. Қазақтың жігіттері Манчестер Юнайтед, Барселона, Реал Мадридтте де біздің қаракөздер ойнасын деп. 

Дегенмен, бұл «Тұран» жастар командаларының биылғы жалғыз чемпиондығы емес. 2022 жылғы Қазақстан чемпионаты қорытындысы бойынша «Тұран» академиясының 2006 және 2007 жылғы командалары да чемпион атанды. Ал Жастар лигасында осы академияның 2008 және 2009 жылғы командалары тиісінше үшінші және екінші орындарға ие болды. Бұл ашылғанына небәрі бір жыл ғана болған жас клуб үшін керемет жетістік. Енді «Тұран» U-19 командасының Чемпиондар лигасындағы қарсыласы 31 тамызда Швейцарияның Ньон қаласында өтетін жеребе тарту рәсімінде анықталады. Ал турнир 6 қыркүйекте басталады.

ҒАЛЫМЖАН ЕСЕНБАЕВ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ - Оның регламенті былай екен. Осы біздің заявкада бар команда келесі жылы жаңа ойыншы қоспай, осы балалар ойнайды. Осы балаларды дайындаймыз. Уақыт бар. Алла қаласа бірінші, екінші этаптан өтуге тырысамыз. Шеберлікті шыңдап.