Түркістан
EN

Әйелін өлтірген қаскөйге қатысты сот отырысы өтті

308
17.08.2022

Түркістан Облысында Әйелін балаларының көзінше жауыздықпен өлтірген азамат 17 жылға сотталды. Елдің жағасын ұстатқан қайғылы оқиға биыл сәуір айында болған еді. Сол кезде өзінің келіншегін әбден азаптап жер жастандырған жігіт, күні кеше қылмысын мойындаған болатын. Ал сот отырысына келген марқұмның анасы болса, бұрынғы күйеу баласына ең қатал жаза тағайындауды сұрады. Атышулы сот процесінен Айдос Игіліковтің репортажы.

Түркістан халқын дүр оқиғаға қатысты процесс ауданаралық мамандандырылған соттың ғимаратында өтті. Оған марқұмның туыстары да келген. Судия келіншегін әбден азаптап өлтірген қаскөйдің ісін үш ай бойы қарап бүгін үкімді оқыды. 

ҚАСЫМ ҚАЛМАҒАНБЕТОВ-ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ - Бұл оқиғаны естігенде көзіңе жас алмау мүмкін емес. 15 жастағы Нұрай судьяға әкесінің жасаған жантүршігерлік оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Анасын көз алдында аса хайуандықпен азаптаған. Сорақысы сол, өлімше етіп сабап ғана қоймай, аулада шашынан ары-бері сүйреп жүрген. Басына бөтелке жарып, үстіне бірнеше рет секірген. Ал ағайын туыс отбасылық жанжалға араша болмаған -дейді.

Үкіләй Сартаеваны 15 жыл отасқан күйеуі төрт баласының көзінше сабап тастаған. Ал марқұмның анасы болса, қызым қорлықты бұрыннан көріп келген дейді. Бүгін судьядан, туған күйеубаласына қатаң жаза тағайындауын сұрады.

Оқиға болар күні отағасы үйіне екі бөтелке коньяк әкелген. Келіншегімен ішіп отырғанда жанжал шыққан. Қылмыскердің айтуынша жұбайы көзіне шөп салғанын мойындаған. Шыдай алмаған 4 баланың әкесі ашу үстінде не істегенін білмей қалдым дейді.

Айта кетейік, бақилық болған әйелдің соңында екі қызы мен екі ұлы қалды. Үйдің үлкені — 15 жаста, кішісі 6-сыныпта оқиды. Қазір олар әжесі-мен атасының қолында.