Таяуда өз алдына енші алып, жаңадан құрылған Сауран ауданы әкімдігі мектептің ғимаратында жұмыс істеуге мәжбүр. Өз мекемесі болмаған соң жаңа қызметкерлер де ала алмай отыр екен. Дегенмен қазір әкімшілік іскерлік орталық орналасатын аумақ анықталыпты. Енді онда бой көтеретін ғимараттар нақтыланып, жобалары тексеруге жіберілген.