Түркістан
EN

Аз қамтылған отбасының балалары Түркістанға саяхаттады

105
16.08.2022

Балаларға базарлық.Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылының әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан балалары облыс орталығына экскурсия жасады.5 мектептен жиналған 20-ға жуық жас ұрпақ рухани астананың жаңа келбетін көріп, тарихымен танысты.

Сайрам ауданынындағы 10 күндік  «Ауыл ел тірегі» іс-шарасы аясында Сайрамдық балалар Түркістанға келді. Аталған игі іс аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен болған. Әуелі балаларға дәмді балмұздақ таратылды. Сонан соң орталықта жаңадан бой көтерген ғимараттар мен Қ.А. Ясауи кесенесіне экскурция жасады. Олар түрлі нысанмен танысып, уақыттарын қызықты өткізді.

МАМЫРЖАН НАЖИЕВ – ҚАРАМҰРТ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ - 10 күндік іс-шара аясында 31 іс-шара түсіліп шіққан. Соның ішінеде облыс басшысы айтқандай туризмді дамыту мақсатында, балалар қаланың жаңа келбетін көріп рухани байысын деген мақсатпен әкеліп отырмыз.

Келген оқушылардың ең үлкені 14, ал ең кішісі 8 жаста. Солардың бірі кішкентай Бахадурбек. Алғаш рет экскурсия жасаған ол, дәл осы көңіл күймен жаңа оқу жылына дайындаламын дейді.

БАХАДУРБЕК БАХТИЯР – Ю.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ 2-ОҚУШЫСЫ - Біз бүгін ауылдан түркістанға келдік. Көңіл-күйіміз тамаша. Енді осы көңіл-күймен сабақты жақса оқимыз.

Балалардың демалысы әрі қарай кешкі концертпен жалғасын тапты. Айта кетейік, 12-13-14 тамыз күні Сайрам ауданының облыс орталығындағы мәдени күндері аталып өткен болатын.