Ордабасылық аналар ұлықталды.Көп жылдар бойы қалтқысыз қызмет еткен ақжаулықты жандарға «Домалақ ана», «Ұмай ана» сынды төсбелгілер табысталды.Ардақты әжелердің дара жолы «Қазақстан аналары» энциклопедиясына басылды.Өмір жолы өнегеге толы жандар жөнінде тілшіміз толығырақ айтады.
Ырымкүл Ертаева Түркістан облысының Ордабасы ауданы, Шұбар елді-мекенінде 46 жыл тапжылмай ұстаздық еткен ардагер. Одан өзге Қазақстандағы ең шашы ұзын әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген екен. Сол кезде бұрымы 2 метр 25 сантиметр болған. Салауатты өмір салтын ұстанатын 80-ді алқымдаған әжей әлі күнге дейін қара жорға билеп, өзінің ептілігімен көпшілікті сүйсіндіріп жүр.
ЫРЫМКҮЛ ЕРТАЙ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Мен ойлаған жоқпын «Домалақ ана» атындағы медаль шығарады ау деп. Мұндай ойлап тапқан ол кісілердің аруағын құрметтегені. Бұл кісілердің абыройының құрметтегіні.Мен өте ризамын».
Ырымкүл әжей сынды өмірі өнегеге толы Ордабасы ауданында тұратын 40 шақты ана «Домалақ ана», «Ұмай ана», «Қарашаш ана» сынды төсбелгімен марапатталды. Сый құрметке ие болғандар қатарында көпбалалы, ардагер ұстаз, дәрігерлер мен ауданға еңбеңгі сіңген ақжаулықты жандар бар. Оларға төсбелгі тағылып қана қоймай, «Қазақстан аналары» энциклопедиясы табысталды. Ол кітапта осы аналарымыздың өмір тарихы мен үлгі болар оқиғалары жазылған.
АЖАР МОМБЕКҚЫЗЫ - «АНАЛАР» ЖУРНАЛЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ: «Бұл сән үшін емес, мәнін түсіндіреміз,ұғындырамыз. Кешегі аналарпдың қандай болғанындығын жалпы ұрпақ ұмытпау керек. Сол мақсатта біз медалдармен марапаттайтын боламыз».
Айтулы іс шара, Ордабасы ауданы әкімдігімен әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігі және «Аналар» журналының ұйымдастыруымен өтіп отыр. Басты мақсат- аналардың еңбегін артынан ерген келін-қыздарына үлгі ету.
ГУЛИЯ ТАЙТЕЛИВА – ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: «Жақсыны айтсаң көбейеді дейді ғой. Жақсылының жақсылығын айт дейді.Осындай ауданға ,ауданның экономикалық әлеуметтік жағдайына өзінің үлесін қоса білген аналараға мың алғыс. Алдағы уақытта мұндай үлкен марапаттар, көьермелеу жұмыстарын біз жалғастыра береміз деп отырмыз».
Игі бастама ауданда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ақжаулықты аналар марқайып, мадақталған күн болды. Алдағы уақытта дәл осылай Түркістан облысының басқа да аудандарында өткізілмек.