«Мектеп формасын тек бір баламыз ғана алады ма?»,«Көмек алу үшін қайда өтініш жазамыз?» Дәл осы негіздегі ата-аналардың сауалы әлеуметтік желіде желдей есіп жүр.Көкейтесті сұрақтарға жауап беру үшін облысымыздың бас ұстазы мектепке дайындық барысы жөнінде кезекті брифинг өткізді.Жоғарыда аталған сұрақтардың жауабын алдағы бейнематериалда тарқатамыз.
1 млрд 857 млн.теңге. Бұл 2022-2023 оқу жылына балаларды мектеп формасымен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен бөлінген қаражат. Аталған ақша атаулы әлеуметтік көмек алатын ата аналардың есепшотына аударылады. Әр жанұяға 37 мың теңгеден. Осы арқылы аймақтағы 52660 бала білім ошағына арналған киім кешекпен 100% толық қамтылады. Осы орайда көпшілікті атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар қайтеді деген сауал мазалап отыр. Олар да назардан тыс қалмайды дейді Түркістан облысының бас ұстазы.
ДІНИСЛАМ БОЛАТХАНҰЛЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Білем журналистер тарапынан да бізге түсіп жатқан өтініштерде де АӘК алмайтын отбасылардың аналары хабарласып жатыр. Бірақ жағдайы төмен отбасылар болып есептелінеді. Көпбалалы отбасылар, оларға да біз көмекті беретін боламыз. Бұл «Мектепке жол» акциясы аясында жүргізіледі. Бүгінгі күннің өзінде 778 балаға,жалпы көлемі 19 млн 309мың теңге соммасында көмек берілді».
балаларына қажетті киімді сатып алуына болады. Егер алдын ала басқа түсті киім алып қойған болса, оны да киюге рұқсат берілген. Ал көмек алғысы келгендер міндетті түрді мектепке барып өтініш жазу керек.
ДІНИСЛАМ БОЛАТХАНҰЛЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Баласы оқитын мектепке мектептің директорының атына өтініш жазады.Өтініште міндетті түрді балалардың аты-жөні,қай сыныпта оқитыны көрсетеді.өзінің санатын белгілей отырып, өтінішін жазады. Сол өтініштің негізде біздер қарастыратын боламыз. Қосымша дәлелдейтін құжаттарды береді, егер ол болмаса біздер өзімізі EGov порталынан алатын боламыз».
Өтініш жазғаннан кейін көмектің беріліп/берілмеуі 3 жұмыс күнінде анықталады. Мақұлданған жағдайда қаржы ата-аналардың есеп шотына түседі. Нақтырақ айтсақ, Ммктеп формасы мен дәптер, қалам сынды керек жарағын қоса есептегенде 37 389 теңгеден беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында көрсетілген санаттар көмек алатын отбасылар:
• мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар
• Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға
• жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға
• білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары
Айта кетейік, Түркістан облысында 2022-2023 оқу жылында мектептер саны 10-ғаартып, барлығы 961-ге жетті. Оның ішінде 905 -мемлекеттік, 56-жекеменшік білім ошағы. Оқушы саны 2521-ге көбейіп, 511 158 шәкірт жаңа оқу жылынан білім алады.