Арыстық Азамат Мақұлбеков салмағы 43 келі болатын қошқарды 1 111 рет көтерді. Осылайша ол Арыстың рекордың жаңартты. Бір қызығы, осы жарыста Әділ Ақнұр есімді ару ерлерден қалыспай әлгі қошқарды 64 рет көтерді. Тіпті, бірқатарын шаң қаптырып кетті. Келушілерді таңқалдырған жігерлі аруға да арнайы сыйлық табыс етілді. Айта кетейік, теміржолшылар қаласында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Онда Арыс, Шымкент қаласы, Қазығұрт және Ордабасы ауданының жастары арқан тарту, қол күрес, қошқар көтеру, гір тасын көтеруден бақ сынасты
Ал, қошқарды 160 рет көтерген Мәжит Архат екінші орынды, 150 рет көтерген Данияр Айтбек үшінші орынды иеленді. Жарыс жеңімпазы Азамат Мақұбековке өзі көтерген қошқар берілсе, қалған жүлдегерлер мен қатысушыларға арнайы алғыс хатпен марапатталып, олардың бәріне тұрмыстық техникалар сыйға тартылды.