Түркістан
EN

Жүк көліктері жол сапасына кері әсер етуде

180
15.08.2022

Ауыр жүк көліктерінің кесірінен Түркістан облысында жыл сайын 300 шақырымдай жол жарамсыз күйге түседі. Жаңадан төселген асфальт жабындарының көп өтпей жатып тоз-тозы шықпас үшін ауыр жүк көліктірінің жүрісін шектеу бойынша нақты әрі қатаң шараларды қолға алу қажет,-дейді ұлттық сапа орталығының мамандары. Осы орайда, қолданыстағы заң талаптарына бірқатар өзгерістер еңгізу қажет. Әсіресе  жер қойнауын пайдаланушы жатқан карьерлерге арнайы салмақ өлшейтін таразы орналастыру керек. Себебі, үздіксіз қиыршық тас, басқа да құрылыс материалдарын таситын жүк көліктерінің саны мен салмағын қадағалап жатқан ешкім жоқ. Сондай-ақ, мұндай транспорт түрлеріне балама жолдар қарастыру қажет. Жүк тасымалдау және жүк арту кезінде шектелген салмақтарды қатаң бақылауда ұстау керек. Бұл -жолдардың мерзімінен бұрын бұзылуының алдын алуға септігін тигізеді,- дейді сарапшылар.