Жетісай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің түлектері түгелімен мемлекеттік грант иегері атанды. 2022 жылы бітірген 63 оқушының 30-ы алтын белгі, 21-і үздік аттестат иегері екен. Бақ қонып білім дарыған оқу ордасының жыл сайын жақсы көрсеткішке жетуінің сыры неде? Әріптесім мектеп мұғалімдерімен және түлектерімен тілдесіп қайтты.
Жетісай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің түлектері түгелімен мемлекеттік грант иегері атанды. 2022 жылы бітірген 63 оқушының 30-ы алтын белгі, 21-і үздік аттестат иегері екен. Бақ қонып білім дарыған оқу ордасының жыл сайын жақсы көрсеткішке жетуінің сыры неде? Әріптесім мектеп мұғалімдерімен және түлектерімен тілдесіп қайтты.
Елдос Жетісай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің түлегі. Кеше ғана 11 жыл бойы алған білімінің нәтижесін көрсетіп, мемлекеттік грант иегері атанды.
ЕЛДОС АЙБОЛАТОВ- ТҮЛЕК: «Физика математика пәнінен таңдадым.Қазір түскенім Әл-Фараби атындағы қазақ-ұлттық университеті. Қала құрылысы мамандағы бойынша. ҰБТ 95 балл жинадым. ҰБТ биыл қиын болды».
Елдостың 62 сыныптасы түгелімен грант иегері атанған. Мұны мектеп мұғалімдері мамандық пен ЖОО-нын дұрыс таңдаудан дейді. Әрине мектеп бітірушілерінің ҰБТ жинаған балы жоғары болған. Сондай оқушылардың бірі Дана Алайдар 128 ұпай жинап, Сүлеймен Демирел университетіне оқуға түскен. Басты сынақтан жоғары балл жинаған ол тегін оқуға түсетініне сенімді болдым дейді.
ДАНА АЛАЙДАР – ТҮЛЕК: «Қазір білімділердің заманы дейді.ал білімділерді шығаратын мұғалімдер. Сондықтан педагогиканы таңдадым. Осы ұстаздарымыздың арқасында осыншама балл жинап жатырмыз. Мұғалімдердің ізіімен қалаған мамандығымды таңдадым».
Түлектер биыл Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша алғаш рет тест тапсырып отыр. Олар тапсырмалардың өткен жылмен салыстырғанда қиындау болғанын айтады. Соған қарамастан жетістік көңіл көншітіп отыр. Мектеп Директорының орынбасары мұны тынымсыз дайындықтың нәтижесі дейді. Өйткені 11 сыныпқа өткен оқушылар оқу жылы басталмай жатып тамыз айынан дайындықты бастап кетеді екен. Содан ҰБТ тестілеуге дейін таңғы 8 ден түнгі 12 ге дейін оқушылар тынбастан кітап ақтарады. Тіптен ата аналар кезектесіп ізденушілердің кешкі асын мектепке әкеп береді екен.
Айта кетейік аталған мектепті ҰБТ басталған 2003 жылдан 1240 оқушы бітірген. Оның 925-і грантқа түскен. Алтын белгімен аяқтаған түлектердің саны 444.