Түркістан
EN

Ауадан ақша жасағысы келетін "Мулкаман" дүкеніне тоқтау бар ма?

194
15.08.2022

Бір зат бірақ, екі түрлі баға. Түркістандағы Жаңа қала аумағының тұрғындары «Мулкаман» дүкеніне қатысты шағым білдірді. Айтуларынша күндіз сатып алған затты түнде ол бағаға ала алмайсың. Сатушылар түнгі тариф деп қымбаттатып жіберетін көрінеді. Арнамызға хабарласқан тұрғын осылай дейді. Тақырыпты толығырақ тілші жалғастырады.

Аудиожазбада сыртына бағасы жапсырылған тауардың бағасы неге аяқ астынан қымбаттап кеткенін білгісі келген сатып алушыға сатушының түнгі тариф енгенін түсіндіріп жатқанын байқауға болады. 

Жақын маңдағы тұрғындардың сөзіне қарағанда күндіздің өзінде мұндағы баға басқа дүкендермен салыстырғанда ұшып тұр.  Жеке кәсіпкер ойына келген бағаны қойып сатып жатыр. Күнделікті қажетті азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттарды аламыз. Бірақ,  қалтамызды қағып барады дейді. 

Бұл дүкенде самсаның өзі 450 тг. Ал қосымша дәмдеуішті бөлек 200 тг сатып аламыз. Ал, дәл осы заттарда басқа дүкендерден арзан бағаға табуға болады. Бірақ, жол алыс. Ауадан ақша жасап отыр. Бұған қашан тоқтам болады. Неге баға бақылауда деп жүрген жоғарыдағылар тексеру жүргізбейді. Әлде ойына келген бағаны қоятындай  дөкейдің туысы ма? -  деп қарапайым жұрт күмәнданып отыр. Қарапайым халықтың мұңы біздің басты назарда. Сондықтан тұтынушылардың шағымын негізге алып, біз тиісті басқармадағыларға, органдағыларға  хат жолдадық.