Түркістан
EN

Грантынан айырылайын деп тұрған докторант араша сұрады

171
15.08.2022

Кім кінәлі?Докторнат па әлде университет пе? Арнамызға Қожахмат есімді жігіт Түркістандағы Халықаралық Қазақ Түрік университетіндегілерден қысым көрі келе жатқанын айтып шағымданды. Айтуынша, оны өздерінің кінәсі бола тұра, гранттан айырып,  оқудын шығармақ көрінеді. Ол аздай 3 курсқа өткелі отырған оны қайтадан орныңызды қаласыз депті. Ал оқу ордасының қызметкерлері қабылдау комиссиясы мүшелері жібереген қателікті мойындап отыр. Бірақ грантты қайтып өткізе алмаймыз дейді. Шым шытырық оқиғаны әріптесім Жандос Тастемір тарқатып айтсын. 

Қожа Ахметтің Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде оқып жүргеніне жүргеніне 10 жылдай уақыт болыпты. Осы кезге дейін сабағынан қалмаған, тәртібіде жақсы. Бірақ, соңғы курсқа енді өттім бе, дегенде қуанышым су сепкендей басылды дейді. Ол осыдан екі жыл бұрын конкурсқа қатысып, доктарантура иегері атаныпты. Алайда арада бір жыл өткен соң яғни былтыр қазанда оқу ісі жөнінде проректор шақырып алады. Сүйтіп магистратура мамандығы бойынша шифр медицина білім беру бағдарламасына сәйкес емес, енді Қоғамдық денсаулық сақтау білім беру бағдарламасына ақылы негізде өз еркіңмен ауысасың деп талап қойған. Не болмаса оқудан шығарыласың деп сес көрсеткен көрінеді. Алайда бұл менің кінәм емес деп, қанша дәлелдесем де, ешкім тыңдамады дейді докторант. Сосын амалы таусылған ол ақылы негізге ауысқан. Ал, енді биыл 3 курсқа жіберілмейсің тағы орнында қалдырмақ болып отыр екен.

Осы мәселенің ақ қарасын айыру үшін оқу ісі жөніндегі проректордың бардық. Сөйтсек, оның бәрін растап отыр. Бірақ, кінә доктарант жігіттің өзінен -дейді. Өйткені, оқу үлгерімі бойынша қарыздары шаш етектен. Яғни 36 кредиті бар екен. Одан бөлек, қабылдау комиссиясының қателігі болса да мұны оқуын жалғастырсын деп қалдырыпты. Барлық жеңілдікті қарастырып отырмыз дейді. 

Тоқ етерін айтқанда, докторант 2 курста қайта қалып, кредитін өтейтін болып шешілді. Универистет өкілдері оқу ақысы бойынша өтініш жазса, жеңілдік беру жағын да қарастырамыз деп уәде берді.