Заманауи технологияларды енгізу жетістікке жетудің бірден бір жолы. Сондықтан әрбір педагогтың жаңа кеңістікте жұмысқа дайын болуы тиіс. Осы ретте, түркістандық жас ғалымдар аудан аумағындағы педагогтердің басын қосты. 2 апталық курста педагогтер жаңа технологияның мүмкіндіктерін үйренеді. Өңірге қарасты ауыл, аудан оқытушылары курс оқумен шектелмейді. Дәріс соңында білімдерін тексеру үшін арнайы тест алынады. Одан өзге, өз бағдарламаларын ұсынып, дайындайды. Ақысыз оқуда қазіргі таңда 30 шақты мұғалім білім алуда.
АЙКО ТӨКЕН – «ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫН ЖАСАУШЫ -Қазір Түркістан облысы бойынша әртүрлі адуандарда осы Фараб кітапханасының ішіндегі Фаб лав деген шеберханасынан үлгі алып, Кентау, леңгір, Арыс қалаларында шағын форматта осындай лабораториялар ашылып жатыр. Негізсі сұрақ мұғалімдерді үйрету, осындай жаңа заттармен жұмыс істеп көрсету.
Білімін жетілдіріп жатқан жандардың бірі Бағила Орынбекқызы. Ол Төлеби ауданынан келген. Бастапқыда дәріс үйретіледі деген кезде мұндағы сабақты басқаша елестеткен ол, өзі күткен дүниеден де артық дамыту жұмыстары болып жатқанын жасырмады. Небәрі 2 күннің ішінде біршама дүниелерді үйренген екен. Мәселен, түрлі жейделерге өз қиялдарындағы бейнені салып, басуды. Суретті дұрыс орналастырудың технологияларын да меңгеріп алған.
БАҒИЛА ӘБДІҚАДІР – ТӨЛЕБИ АУДАНЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Біздің келешек ұрпақтың бейімделуіне жан жақты білім алуына, заман ағымына бейімделуіне өте үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Себебі үлкен қалаларда лаборатория бар. Ал кішкентай аулдарда жоқ. Сондықтан балалардың заман ағымына сай дамуына мүмкіндік болады деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға, басқышылыққа алғысымды білдіремін.