Түркістан
EN

Түркістанда тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық call-орталық ашылды

322
12.08.2022

Түркістанда бүгіннен бастап жаңа Колл орталығы іске қосылды. Орталықтың негізгі мақсаты денсаулық сақтау саласындағы сапаны жақсарту. Яғни, жедел медициналық көмек алуға ықпал етеді. Мұнда арыз шағымнан өзге, өтініш пен алғыстарыңызды да қалдыра аласыз. 

Бүгін ғана ресми түрде іске қосылған орталықтың жұмысымен танысуға облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов арнайы келді. Өңірлік қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған нысанның ерекшеліктерімен танысты. Орталық жетекшісі мұндай мекеменің медицина қызметкерлерінің жұмысын үйлестіруде оң әсері барын айтады.

ЖАНСАЯ ЛЕСБЕКҚЫЗЫ – CALL ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ - Мақсаты жалпы медициналық мекеменің сапасын жақсарту. Және халықтың шұғыл сұрақтарына тез арада жауап беру. Осы орталыққа хабарласқан жағдайда біздің операторларымыз шұғыл тез олардың сұрақтарына жауап қайтарады. 

Мұндағы операторларға қойылатын бірнеше талап бар. Мәселен, медициналық білімінің болуы міндеттеледі. Оларды арнайы іріктеп, 2 ай мерзімдік сынақтан кейін тест тапсырып қабылдаған. Жедел мекемеге келіп түскен шағымдар негізінде облыстық медицина ұйымдарының рейтінгі анықталады. Бүгінде орталықта 12 қызметкер бар.

ҰЛЖАН ОМАРХАНҚЫЗЫ – CALL ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС МАМАНЫ - Байланыс орталығына келіп түскен арыз шағым арқылы қай медициналық мекеменің дұрыс жұмыс жасап жатқанын немесе дұрыс жұмыс жасамай жатқанын білу арқылы дұрыс жұмыс жасамаған мекемеге ескертуер беріліп, одан арық арай сапасын арттыру мақсатында іс-шаралар жүргіземіз. 

1305 қысқа нөмерлі Колл орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді. Мұнда барлық ұялы байланыс операторларына қоңырау шалу тегін. Мамандардың айтуынша, қоңыраулардың 90 пайызы телефон арқылы түседі. Сондай ақ, Ватсап, Инстаграм, Фейзбук сынды әлеуметтік желі арқылы өз өтінішіңізді қалдыра аласыз.