Түркістан
EN

"Ауыл аманаты" жобасы іске қосылды

410
12.08.2022

Кәсібін бастағысы келетін ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық. «AMANAT» партиясы жуырда «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Жаңа жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын агробизнеске тарту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты қолдау.  Мобильді топ өкілдері кездесуге қатысушыларға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиені қалай алуға болатынын түсіндірді. Шара барысында шағын кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары бизнес тренерлерге жеке сұрақтарын қойып, нақты кеңестер алды.

«Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына таптырмас мүмкіндік. Бұл мемлекет басшысының «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында қолға алынған.  Тиімділігі,жылдық мөлшерлемесі 2,5% құрайтын жеңілдетілген несие. Егер мал шаруашылығын қолға алғыңыз келсе - 7 жылға ,ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз - 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тек бір шарты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз.

ЖАНДОС ӘЗІМБАЙ -  «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ - Несие берген кезде басқа банктерге қарағанада жеңілдетілген. Мысалы басқа банктер тек заманауи қыштан салынған үйлерді ғана кепілге алса,бұл жоба ауыл азаматтарына арналғандықтан ауылдағы қарапйым үйлерді де кепілге ала береміз. Және басқа банктер тек 50 пайыз ғана кепілге алса біз 80 пайыз үйді кепілге аламыз.

Бүгін өңіріндегі ақпараттық марафон Сауран ауданынан бастау алды. Мобильді топ әуелі Майдантал сонан соң Шорнақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Оның барысында шағын кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары тренерлерге жеке сұрақтарын қойып, жобаның мүмкіндіктерімен танысты.

ТҰРАЛЫ ҚОЗЫБАЙҰЛЫ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ИЕСІ -Жобаның негізгі бағыты табысы бар емес, табысын таба алмай жүргендерге жақсы қолайлы бағдарлама екен. Әрине бұл ел үшін керек.мысылы ауылды жерде қалаға барып шаш алдырады, нан сатып алады қаладан.. Сол өзімізде болса шаштараз,наубайхана дегендер.

Шара барысында шаруа қожалық иелері де өз ұсыныстарын жеткізді. Осы уақытқа дейін 6 % -бен несие алып келген олар, бізге де қарапайым халыққа арналған 2,5 %-дық несие қарастырылса дейді.

СЕРАЛЫ ҚОЙЛЫБАЕВ – ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ИЕСІ - 2,5 пайыз дегенді қолдаймын. Мен өзімнің 20гектар сауармалы жерім бар. Жоңышқа,жүгері егем. Бақсша егемін. Бізде су өте қиын. Тоқ арқылы шығарамыз суды. Бізде тоқ қымбат,тиімсіз. Біз сияқты шаруаларды да 2.5 пайыздық осы несиеге шаруа қожалықтарды да кіргізсеңіздер жақсы болар еді.

«Ауыл аманаты» жобасы алғаш 2019 жылы Жамбыл облысында пилоттық жоба ретінде басталған. Жоба арқылы 2,5 мыңға жуық ауыл тұрғыны кәсіп бастаған. Нәтижесінде ай сайынғы төлем жасауда ешқандай кешіктірулер болмаған. Сондай-ақ, облыста атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен жұмыссыздар саны да 2-3 есеге азайыпты. Енді жоба 2023 жылдан бастап, еліміздің барлық өңірінде іске қосылады.

Партия мүшелері ауқымды ақпараттық марафонды 28-шілде күні шығыс қазақстан облысынан бастап,содан бері 7 облысты аралап үлгерген.енді 19-тамызға дейін өңіріміздегі ауыл мен ауылдық округтерді аралап,тұрғындармен кездесуді жоспарлауда.

 Орталық 11 мыңға жуық зейнеткерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысады. Күніне 40 шақты зейнеткерді қабылдауға қауқарлы. Штаттағы 12 қызметкер қарияларды есіктен кіргеннен, қайтқанға дейін бақылауға алады. Әзірге зейнеткерлер таңнан-түске дейін 4 сағат осында бос уақытын өткізеді. Бастысы ауыл тұрғындары Шапағаттың шарапатын көруде.