Ордабасылық зейнеткерлерге таптырмас мүмкіндік. Олар бос уақытында ауданда ашылған «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тегін демалуда. Салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі үйірмелерге қатысып жатыр. Игі бастамаға риза болған ауыл қариялары барлық замандастарын орталыққа шақырады. Ардагерлердің алғысын алған орталық жайында тілшіміз толықтырады.
Баян Тасболатова Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылының тұрғыны. 64 жастағы апа зейнетке шыққаннан бері үйде отырдым дейді. Шапағат орталығының ашылғанын естіген тұрғын басында сенбегенін айтады. Естігеннен көргенім артық деп демалыс үйіне бүгін ғана бас сұққан Баян апа қуанышын жасыра алмады.
БАЯН ТАСБОЛАТОВА – ЗЕЙНЕТКЕР: «Бүгін келгеніме бірінші күн, өте тамаша.Жақсы қабылдап жатыр. Бір күннің ішінде өзімнің көңіл-күйім көтеріліп, өте тамаша кейіпте болдым. Келсем адам көп. Үлкен кісілерді көрып отырмында демалып отыр, шахмат ойнап отыр әрқайсысы, теннис ойнап отыр. Тамаша демалыс!»
Орталыққа келген ардагерлер жеке куәлігімен,зейнеткерлік құжатымен тіркеледі. Алдымен дәрігерлер қариялардың қан қысымын тексеріп барып кіргізеді. Қариялар бильярд, үстел теннисі, тоғызқұмалақ пен шахмат ойнаса, әжейлер массаж алып, иогамен шұғылданады. Орталық түрлі спорттық құрылғылармен қамтамасыз етілген. Демалушыларға психологдың жеке қабыладуы да бара алады. Кітапхана бұрышы да бар. Тіпті емдік шәй де ұсынады екен.
РАУШАН ОРАЛОВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Барлығы ойымнан шықты. Келгеніме бір апта болды. Спортпен шұғылданғанды жақсы көретін едім.Бұл таптырмас мүмкіндік».
«Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 22 шілде күні халық игілігі үшін алғашқы келушілерін қабылдады. Бұл Ордабасы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанынан құрылған мекеме. Игі бастаманың басты мақсаты қазыналы қарттардың өмір сүру салтын жақсарту дейді әлеуметтік маман
ГҮЛЖАН ДОСОВА – ӘЛЕУМЕТТІК МАМАН: «Басты мақсат-ардагерлеріміздің өмір сапасны жақсарту. Өмірге деген белсенділігін арттыу. Өмір жасын ұззақтандыру. Ардагерлерге көңіл бөлу керек».