Түркістан
EN

Түркістан қаласының әкімі тұрғын үйлерді аралады

161
11.08.2022

Биыл Түркістан қаласында тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 677 пәтер беріледі.Тағы 2546 баспананы ипотека арқылы сату көзделіп отыр. Шаһар әкімі көпқабатты үйлердің құрылыс барысын аралап көрді. Нұрбол Тұрашбеков мердігерлерге санмен қатар сапаға да баса мән беру қажеттігін ескертті. Және жұмысты мерзімінде аяқтамаған жағдайда заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Айта кетейік, 2021 жылы 29 тұрғын үй пайдалануға берілген. Яғни 2000 мыңға жуық жанұя қоныс тойын тойлады.