Түркістан
EN

Жасөспірім қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

172
11.08.2022

13 жастағы қызды зорламақшы болған ер адам ұсталды. Қыз баланы күдіктіден ауыл әкімінің орынбасары құтқарып қалған. Оқыс оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылында тіркелді. Тарқатып айтсақ, жасөспірім қыз отбасымен бірге кешкі серуенге шыққан. Содан  жас қыз үйіне ерте қайтқысы келіп, ата – анасынан бөлініп кеткен. Осы сәтте белгісіз ер адам қыздың артынан ілесіп, таса жерге алып шыққан. Қаскөй қызды қылқындырып арам ойын ертерек жүзеге асырмақшы болған. Десе де, сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғын көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген. Құтқаруға асыққан ер адам дереу 102-ге қоңырау шалып, батылдық танытты. Осы ретте, өңірлік полиция бөлімі ерлік танытқан азаматқа алғыс білдіріп, сый көрсетті. 

СҮЙІНДІК СЕЙІТЖАППАРҰЛЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ  САРЫАҒАШ АУДАНЫ ДАРБАЗА АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - Қыз баласынан сұрап едім тұншықтырды, қылқындырды деді. Содан артынан жүгіріп,  күдіктіні ұстадым. Сосын ішкі істер бөліміне 102ге телфон шалдық. Барлығы дер кезінде келіп, терегеу амалдарына күдіктіні алып кетті. Енді ол қыз балаға жүгіріп барғаным өзімнің азаматтық борышым деп ойладым.