Түркістан
EN

Республикада орташа жалақы 312 мың теңгеге жетті

162
11.08.2022

Қазақстанда орташа жалақы 312 мың теңгеге жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Бір жылда жалақының ең жоғары өсімі құрылыста байқалды – 35,5%. Сондай-ақ еңбекақы көлік және қоймаға орналастыру саласында – 34,8%, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 28,3% жоғарылады. Жалықы ең аз өскен салалар: денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 12,1%. Өңірлер бойынша айлық еңбекақы ең көп Қызылорда облысы тұрғындарында көтерілген – 31,3%. Ең төмен өсім Нұр-Сұлтан қаласында байқалды.