Мемлекеттік грант жеңімпаздарының тізімі жарияланды

100
11.08.2022 03:57

2022 жылғы білім гранты  иегерлерінің тізімі жарияланды. Биыл конкурсқа қатысуға барлығы 80 мыңға жуық өтініш түскен. Министрлік алдағы оқу жылында бакалавриатқа 73 мыңға жуық грант бөлді. Ал өткен жылы 56 мыңнан астам түлек грнат иегері атанған еді. Жалпы көпбалалы немесе толық емес отбасыдан шыққан балаларға тегін оқуға мүмкіндік жоғары. Сондай ақ, бұл санатта ерекше білім беруді қажет ететін балалар да бар. Одан өзге, ауыл жастары мен ұлты қазақ басқа елдің азаматтары үшін де квота қарастырылған.