Түркістан
EN

Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасы 6 отбасының күнкөріс көзіне айналды

191
10.08.2022

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 6 бірдей отбасының күнкөріс көзіне жарап отыр. Солардың бірі Түркістан облысы,Түлкібас ауданындағы Төлепбергеновтер әулеті . Бірлігі мызғымаған жанұя жаздық және күздік қияр егіп, пайда табуда. Ерте көктемде 9 гектар жерге көктемгі қияр еккен ағайындылыардың әрқайсы бүгінде 20-30 тоннадан өнім алыпты. 

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы өңірімізде 2019 жылдан  кеңінен енгізіле бастады. Биыл осы бастама 8 мың гектарға енгізілсе, бірінші өнімнен 190 мың тоннадан астам көкөніс жиналыпты. Барлығы 1735 жоба аясында  7  мың гектарға екінші дақыл  егіліп, шаруалар өнім алуға кіріскен. Солардың бірі – Түлкібас ауданы, Жаскешу елдімекенінде орналасқан шаруа қожалық. 2 гектар жерге жазғы және күзгі қияр егіп, толағай табысқа қол жеткізіп отыр. 

РАҚЫМЖАН ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ - ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ - Жаздық қиярымыз, күздік қиярымыз бар. Құдайға шүкір. Қазір 15 жұмысшымыз бар. 15-20 адам жұмыс жасайды. Екі өнім алып жатырмыз. Жаздығымыз құдай қаласа әлі беріп жатыр. Артынша күздігіміз егілді. Құдай қаласа күздікке отырамыз. 

Он жылдан бері пияз егумен айналысқан шаруа қожалық ,соңғы 3-4 жылдан бері негізгі басымдықты қияр мен қызанаққа берген. Бүгінде 20-ға жуық ауыл тұрғыны осында еңбек етіп, өз несібесін тауып отыр. Солардың бірі Құралай. 4 баланың анасы үш жылдан бері осы шаруашылықта еңбек етеді. Ақжаулықты ана ауылда жұмыс жоқ дейтіндермен мүлдем келіспеймін,-дейді

ҚҰРАЛАЙ СҰЛТАНҚҰЛОВА - ЖҰМЫСШЫ - Кемі 10-15, кейде сенбі жексенбі күндері 25 адамға дейін барады. Күнделіктісін күнде төлейді. Осы жерден нәпақамызды тауып, балашағамызбен келеміз кейбір кезде демалысымызда. Сөйтіп, қымбатшылыққа байланысты бізге де қосып төлеп жатыр. Бұйырғаны күндігіне 4 мың төлейді. Шабық боп жатса, 5 мың 4,5 нан төлейді. Әр жұмысымызға байланысты төлейді. Істеймін деген адамға жұмыс жетеді. Екі қолға бір күрек табылады.

Түлкібас ауданында бүгінде  113 мыңнан астам халық тұрады. Осы азаматтардың көпшілігі ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Қазіргі таңда өңірде 4200 шаруа қожалығы, 70 –ке жуық жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен өндірістік коператив жұмыс атқарады. Ауданының негізгі драйвері - егін және мал шаруашылығы.  Биыл аудан шаруалары 64,5 мың гектар  егістік жерді толығымен игерген. 

ЖӘНІБЕК КЕРІМҚҰЛОВ, ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Жалпы ауданымызда 64 мың 448 гектар егістік жеріміз бар. Биыл 13 мың гектарға күздік бидай егілді. 2400 гектарға жаздық бидай егілді. Ағын судан тапшылық болған жоқ. Жаңбыр да көп жабуда. 

Түлкібас ауданында  жылдың соңына дейін жалпы 55 млрд  836 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде 6 айдың қорытындысымен бұл меженің  16 млрд 935 млн. теңгесі орындалыпты.  Оның 186 млн теңгесі егін  шаруашылығына, ,  16 млрд.  млн теңгесі мал шаруашылығының еншісінде.