Түркістан
EN

Сарыағаш ауданында кезекте тұрған 11 азаматқа жер телімі берілді

216
10.08.2022

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жылға елді мекенінде кезекте тұрған 11 азаматқа жер телімдері табысталды. Алдағы уақытта жер телімдерінің құжаттары дайын болуына қарай 500-ге жуық азаматқа тұрғын үй салу үшін жер берілмек. Олардың барлығы да бірнеше жылдан бері баспана салу үшін жай таппай жүрген жандар. Себебі аудан көлемінде 2012 жылдан осы күнге дейін ешбір елді мекенде жер телімдері берілмеген. Жылға елді мекенінде «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 42 гектар аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 16 шақырым электр желілері және 4 дана трансформатор орнатылды. Сондай-ақ ұзындығы 6 шақырымнан аса көшелерге шағал төсеу жұмыстары жүргізілді.

МҰХИТ ОТАРШИЕВ – АУДАН ӘКІМІ: «– Бүгінгі таңда аудан аумағында инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі тұрғындардың жеке тұрғын үйлерін салу үшін жер телімін бөлу жөніндегі сұраныстары жылдан-жылға өсіп келеді. Сонымен қатар тұрғын үй салу үшін жер телімі бөлінгенімен заң талаптарына сәйкес, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген жер телімдері табысталмайды. Сондықтан, осы мәселелерді шешу мақсатында Жылға ауылдық округінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылып, қазір сол жер телімдерін табыстағалы отырмыз. Құтты қоныс салынып, осы жер үлкен орталыққа айналсын» 

Айта кетсек, бүгінгі таңда ауданда 18000-нан астам азамат жер  кезегінде тұр. Мәселені шешу мақсатында тағы Дербісек елді мекеніндегі 70 га жаңа қоныстану аймағын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін облыстық бюджетке ұсынылған.