Айта кетейік Түркістанда аз пайызбен несиелендіру 2 есеге артқан. Нақтыласақ, 2022 жылдың 6 айында «Ырыс» Микро қаржы ұйымы » 198 млн. теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 14155 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар биыл индустриалды аймаққа құны 2 млрд 990 млн. теңге болатын және 169 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алған.