Түркістан облысында мұнай-газ тапшылығы жоқ Сала мамандары осылай дейді. Әлеуметтік желіде газ тапшылығы туындағаны туралы қауесет тараған еді. Облыстық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, Түркістан облысындағы автогаз құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газының бағасы 1 литр үшін 60-65 теңгеден сатылуда. 2022 жылдың тамыз айына облысқа 12 141 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінген. Қазірде 40 вагон сұйытылған мұнай газы теміржол арқылы жіберіліп, газ толтыру станцияларына құйылуда. Түркістан облысы аумағында 7 газ толтыру бекеті орналасқан. Электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын-27 газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелері алуда. Аталған мекемелерлің облыста 304 автогаз заправкалары бар.