Түркістан
EN

Ордабасы мен Арыс тұрғындары заңсыз карьер жұмысына наразы

147
10.08.2022

Жеке кәсіпкер Арыс пен Бадам өзендерінің қосылған тұсын қазып тастаған. Салдарынан бүгінде су арнасы басқа жаққа бұрылып тіршілік нәрінен тапшылық көріп отырмыз.  Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғындары осыны айтып шығамдануда. Сөздеріне сенсек, әй-шайға қарамай бизнесменнің қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанына 15 жылға жуықтаған.  Соның кесірінен жер асты суы да тартыла бастапты. Қала берді төрт түлік те ағын суды қанып іше алмай жиі батпаққа батып қалатын көрінеді.Енді Қараспан ауылының халқы жағалауды карьерге айналдырған серіктестіктің жұмысын тоқтатуды талап етеді. 

Қос өзеннің арнасындағы былықтан шаршаған қараспандықтар бас көтерді. Олар 15 жылдан бері өзен арнасын қазып, тынымсыз тас алатын кәсіпкердің жұмысынан зардап шегіп отырғанына ашынады. Жұмысшылар болса өзен бойын қазу салдарынан су деңгейі төмендеп кеткенін жеткізді.

ЖАСДӘУРЕН ӨТЕМБАЕВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ - Бізде пісте құдық. Қаладағыдай кранды ашсаң шыға беретін орталықтағыдай су жоқ.  Бізде піспе құдық. Пісіп алады. Сол піспе құдықтың өзі қазір шықпай қалды. Бұрын бір піскенде жарты шелек толатын, қазір 2 жарым литр суды 10-20 рет басып шығарасың.

БОЛАТ СҮЛЕЙМЕНОВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ - Ауыз су, су шықпай жатыр кәдімгі колонкадан. Піспе колонкадан су шықпайды. Төмен түсіп кеткен деңгейі. Көршілерден алып келеді. Баклажкамен су тасып жүргендерді көрдім өз көзіммен. 

Жергілікті халық  қазу жұмыстарының су арнасын бұзудан өзге келтірген залалы көп екенін айтады. Мәселен, тас қазушылар қызыл кітапқа енген жыңғыл өсімдігін де тамырымен қопарып тастаған көрінеді. Оларға тәртіп сақшылары ешқандай шара қолданбаған. Бір кездері демалатын орнымыз болған аумақтан бүгінде шұңқырдан аяқ алып жүру мүмкін емес,-деп ашынады тұрғындар. 

ЖОЛБОЛ ЖАҚЫПОВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ  - Арнаның бойы машина түгілі адам келе алмайды. Қазып тастаған, мусор толып жатыр. Тас әкеткен, бұл қазып жатқанына 15 жыл болды. Қазып мына жол да жоқ. Қазір адам түгілі өзіміз келіп шомыла алмаймыз мына жерге. Малдар болса да келе алмайды. 

 Базынасын билікке жеткізу үшін тұрғындар ауыл әкімі мен аудан басшыларына шағымданған. Десе де одан еш нәтиже шықпаған. Ал аудан қызметкерлері кәсіпкердің өзіне тиесілі жерден ауытқып кеткенін жасырмады. Тіпті жауапты басқарма бұл заңбұзушылық әрекеті үшін 51 млн теңге айыппұл салғанын айтады. 

АЗАТ ОРАЛБАЕВ – ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - Қазір біз егесімен де сөйлестік заң талаптарына сәйкес. Бірінші тегістеу жұмыстары осы октябрь айына дейін тегістеп бітіреміз деген уәдесін беріп отыр біз оны қадаағалаймыз. Жұмыс тоқтату керек па тоқтатамыз деп қазір уәдесін беріп отыр. Ол қазір айыппұл салынады  тағы қайталаса келісімшарт тоқтатылады. 

Кеңестің жауабын күтудеміз. Қадағалаймыз. Тұрғындар мұндай жаттанды жауаптан мезі болдық дейді. Олар кәсіпкердің жұмысын тез арада тоқтатуды талап етеді. Айта кетейік, карьер игеруші компания жерді 2049 жылға дейін жалға алған., Яғни осы жыл аралығында жерді қазу жұмыстарын жүргізуге толықтай құқылы.