Түркістанда туристік қызметтің өзінен 1 млрд теңге табыс түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырған едәуір артқан. Бұған дәлел - туристтердің көп келу. Жарты жылдың өзінде 400 мыңға жуық турист Түркістанға табан тіреді.
Шамил Кучуков Башқұртстаннан келген турист. Түркістанға алғаш табан тіреуім дейді. Бауырлас халықтың бірлігін одан сайын арттыру үшін қазақ елімен құда болыпты. Араағайындық жиын үшін Алматыға келген олар киелі Түркістанға соқпай кете алмағанын айтады
ШАМИЛ КУЧУКОВ – ҚАЛА ҚОНАҒЫ - «Жергілікті жердің дәстүрлері қатты ұқсайды екен. Кей тұстары тіпті бізде ұмыт болып қалған.Барлық жоралғылар сақталған.Қазақстанға келгеннен соң Түркістанға да барамыз деп жоспарладық. Тарихы жағынан бай көне қаланы қатты көргіміз келді. Біз Арыстанбабқа, Гауһар анаға да бардық. Адамдары да қонақжайлылық танытуда. Тіліміз де, діліміз де ұқсас».
Шамил рухани шаһарға ағайын-туысымен 25 адам болып келіпті. Топырағын түртсе тарих сөйлейтін көне қаланы тек теледидардан көретін едік дейді. Туысқандары да тамсана қарап, ерекше әсерге бөленді
ГУЛФИРА АХМЕТШИНА– ҚАЛА ҚОНАҒЫ - «Менің қуанышымда шек жоқ. Не деген ғимараттар, не деген аңызға толы қала. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің суретін ғана көрген едім. Қатты қобалжып жүрміз. Тарихи қалаға тағы да табан тіреуімізді нәсіп еткізсін. Барлық жақындарыма фото-видеоға түсіріп жібердім.Олардың да қатты келгісі келіп отыр».
Туризмы қарқынды дамып жатқан Түркістанға елімізден бөлек, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер легі толастар емес. Бұған дәлел облыс орталығында жарты жылдық статистикаға қарасақ, туристік қызметтің өзінен 1 млрд теңге табыс түскен. Ал, ТМД елдерінің ішінде көптеп келетін түркиялық ағайындар екен. Одан кейін Ресей мен Өзбекстан.
НҰРДӘУЛЕТ МЕДЕУОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ - «Жалпы Түркістанға келіп жатқан туристердің саны бойынша да, жылдан жылға келуші туристер саны бойынша да өсім байқалады. 2022 жылдың бірінші тоқсанымен шығатын негізгі статистикалық көрсеткіштер бойынша орналастырумен келген турситердің саны 50 мыңға жетіп отыр. Қонақ үйге жайғасу бойынша да 21 пайызға артығымен орындалған. Жалпы орналастыру орындары туристік қызметтен түскен табыстардың көлемі де 1 млрд теңгеден асып тұр. Бірініш тоқсанның мәліметі бойынша. Өткен жылмен салыстырған 60 пайызға артық. Өткен жылы 700 млн теңгедей табыс түскен».
6 айдың қорытындысы бойынша келушілердің саны да көбейген дейді мамандар. Жыл басынан бері 400 мыңға жуық адам арнайы Түркістанға ат басын бұрыпты. Инвестиция көлемі 31 млрд теңгеге жеткен. Бұл соңғы меже емес. Жыл соңына дейін артады деген жоспар бар екен. Айта кетерлігі рухани астанада 214 туристік қызмет көрсететін нысан бар.