Түркістан
EN

"Ишан базар" тарихи нышаны қайта жөнделеді

222
09.08.2022

«Ишан базар» мешіті реставрациядан өтеді. Бұл туралы тарихи ескерткішке арнайы ат басын Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов мәлімдеді. Мешіт Аққойлы елді мекенінің солтүстік шығысындағы биік беткейде орналасқан. Сәулеттік ескерткіштің  іргетасы XIX ғасырдың басында қаланған. Тарихи нысанның қазіргі жай-күйімен танысқан аудан әкімі мешіт іргесіндегі  көне қыш күйдіру орнын қайта қалпына келтіру бойынша сала мамандарымен кездесті. Жауапты мекеме басшыларына облыстық Мәдениет басқармасымен бірлесе отырып, Мәдениет және спорт министрлігіне арнайы хат жолдауды жүктеді. Әрі «Ишан базар» мешітін реставрациядан өткізуге бюджеттен қаржы сұрауды тапсырды.