Түркістан облысының Ордабасы ауданы 40 мың басқа арналған мал бордақылау кешені құрылады. Нысан «Батыс Қытай – Батыс Европа» автодәлізінің Бадам-Шұбар автожолының қиылысқан тұсында орналаспақ. 400 гектар аумаққа жоспарланған кешенде асхана, мұздатқыш қойма, мал азығын сақтау орны мен мал базары және 40 мың басқа арналған мал бордақылау алаңдары болады. Жоба кешені логистика жүйесінің қолайлылығымен ерекшеленеді. Халықаралық автожол арқылы дайын өнімді Шымкентке 20-25 минутта жеткізеді. Мұздатылған ет өнімдерін көршілес облыстар мен шет елдерге экспорттауға қолайлы. Өйткені, темір жол желісі де аудан іргесінде тұр. Жоба бойынша 40 мың бас мал бордақылау алаңдарына шамамен 1 айналымда 36 мың тонна шөп, 48 мың тонна жем азығы қажет етеді. Мұны ауданның егістік, шабындық алқаптарынан алынатын жем-шөп қоры арқылы қамтамасыз етпек. Қазірде қажетті инженерлік-инфрақұрылымын жұмыстары бойынша арнайы жобалар әзірленіп, тиісті мекемелермен бірлескен жұмыстар қолға алынуда.