«Жер жұмағы Жетісайдың – рухани Түркістанға тартуы». Осындай атаумен облыс орталығында Жетісай ауданының мәдени күндері өтті. Шара барысында ауданның қолөнер және қылқалам шеберлерінің, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарының көрмелері ұйымдастырылды. Думанды шараның басы қасында жүрген әріптесіи Жандос Тастемір тарқатады.
Әр ауданның өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен Жетісай десе есімізге қауын мен қарбыз бірден оралады. Бүгінгі жәрмеңкенің де ерекшелігі осы дәмі тіл үйретін таза әрі табиғи өнімінде болып отыр. Сондықтанда сатып алушылар да аз болмады. Оның үстіне биылғы ауа-райы шаруалар үшін де қолайлы болғанға ұқсайды. Еңбекқор дихандар маусым айында-ақ алғашқы өнімдерін саудаға шығарған. Тіпті, жергілікті халықтан өзге, шекара асып, Ресейдің Мәскеу, Самара қалаларына да жөнелтілді. Ал, бүгінгі жәрмеңкеде бақша өнімдері 10-15 пайызға арзан әрі ешқандай делдалсыз қолжетімді болды. Одан өзге сөреде ет, сүт, көкөністе бар.
Рухани кеште аудан өнерпаздары рухты көтеретін патриоттық әндер шырқаса, мың бұралған бишілерде қалыспады. Түрлі ұлттың биін нақышына келтіріп орындады. Тұрғындардан өзге қонақтарда бүгінгі шараның куәсі болды. Ерекше әсерімен бөлісті.
Жұма да басталған шара келесі күні «Балалар жылы» аясында мектеп оқушыларының қатысуымен «Түркістан – болашақ балғындардың құтты мекені» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Осылайша өнерпаздар қала қонақтары мен тұрғындардың көңілін көтеріп, Киелі Түркістан аспанын әсем әуендерімен тербеді. Концерттік бағдарлама соңында мерекелік отшашу атылып, ауыл шаруашылығы көрмесіне қойылған өнімдер тұрғындарға тегін үлестірілді.