Түркістанда 163 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылған. Мамандар бұл көрсеткіштің жыл санап өсіп келе жатқандығын айтады. Шынында да қуантарлық жағдай. Тағдырдың түрлі тауқіметіне қарамастан, тіршілікке етене араласып, қоғамға пайдамды тигізсем деп жүрген жандардың өмірі көпке үлгі.
Арайлым Бабабаева 2 топ мүгедегі. 2018 жылы тағдырдың тауқыметін тартып осы санатқа кірген. 10 жылдан аса логопед – дефектолог болып қызмет атқарған ол бір сәтте мамандығынан бас тартуына тура келіпті. Себебі дәрігерлер басында үлкен ісік барын анықтаған. Десе де, Арайлым бұл сынаққа төтеп беріп, араға біршама жыл салып, сүйікті ісіне қайта оралған. Бүгінде тілінде кемістігі бар балаларға кеңес беру орталығында қызмет етеді.
АРАЙЛЫМ БАБАЕВА – ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ - Қазіргі таңда көптеген балалардың 60-50 проценті бала тілінлдегі сөйлеудің кемшілігі болады. көбісі тұтықпа немесе мүлде сөйлей алмайтын балалар да кездеседі. Сонымен қоса с,ш,р, л,д, т деген дыбыстарды шатастыратын да балалар келеді. Сол балаларды тиісті мекемеге ұсынып, кеңес беріп отырамыз.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты деректерге тоқталсақ. Түркістан қаласында мүгедектік топқа жататын 11 мың азамат бар. Әрине олардың арасында жұмысқа жарамдысы, жарамсызы бөлек қарастырылады. Алайда 7 айдың қорытындысы бойынша 163 ерекше жан Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке тартылған. Сала мамандары бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір өскенін айтады.
НҰРЖАН КОЖАКОВ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Өткен жылғы статистикалық көрсеткішпен салыстырғанда жоғары. Себебі жұмыспен қамтудың шараларына жүгінетін азаматтардың саны өте көп. Қазіргі таңда жұмыссыздық қоғамның дерті. Соған сәйкес бізде көрсетілетін шаралар соған жүгінген азаматтардың мамандығына, қажеттілігіне сәйкес іске астын болады."
Одан өзге, еңбекке қабілетті 6063 жұмыссыз азамат орталық қызметіне жүгінген. Нәтижесінде, оның бүгінде 2840-ы екі қолға бір күрек тауып отыр. Тарқата айтсақ, олардың 203-і жастар практикасы, 745 азамат қоғамдық жұмысқа тартылған. Одан өзге, 1382 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасқан.