Жеке тұрғын үйге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жарақаттанған әйелдің ауруханаға түскені туралы хабарлама келген. Тексеру кезінде ауыл тұрғынының үйіне белгісіз ер азамат баса көктеп кіріп, қоқан-лоққы көрсетіп, пышақтағаны белгілі болды. Сондай-ақ, жәбірленушінің шамамен 4 миллион теңге салынған сөмкесін алып кеткен. Қандықол қылмыскерді іздеуге криминалды полиция қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, бейнебақылау камераларынан күдікті адамды байқаған. Іздестіру барысында ол Нұр-Сұлтан қаласынан ұсталды. Тінту кезінде жас жігіттен ұрланған ақшаның бір бөлігі мен басқа да айғақты заттар тәркіленді.