Жетінші сайланған парламенттің бірінші сессиясы жабылып, депутаттар жазғы каникулға шықты. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің сөзінше, бастапқыда түскен 104 заң жобасының 63-і қабылданған. 58-не Қазақстан Президенті қол қойып, олар заңды күшіне еніп те үлгерген. Елеулі жобалар қатарында еліміздегі сайлау туралы және жер қатынастарына қатысты заң жобалары бар. Сонымен қатар, жаңа өзгерістерге сәйкес, бұдан былай шетел азаматтарына жер сатылмайды да, жалға да берілмейді. Жалпы, бірінші сессияда мәжіліс депутаттары 233, ал сенат депутаттары тарапынан 45 сауал жолданды.