Түркістандықтарға жер телімі беріледі. Қазірдің өзінде 34 886 азамат кезекте тұр. Алайда 2019 жылдан бері инфрақұрылымы жоқ, бос жатқан жерлерді қолданысқа беруге тыйым салынған. Осы ретте, қала әкімі Рашид Аюпов арнайы аудит жүргізді. Нәтижесінде тиісті инженерлік инфақұрылым тартылған жер телімдері халыққа үлестірілетін болды.