Түркістанда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды. Үздік тауар өндірушілерді анықтайтын шараға алғашында жүзден аса кәсіпкер қатысуға ниет білдіріпті. Алайда байқаудың шарты мен талабына сәйкес, сапалы өнім шығаратын, бәсекеге қабілетті тауар өндірушілер іріктеп алынған. Үздіктерді іріктеу қорытындысы қалай өтті? Тілші баяндасын.
Араға 2 жыл салып, Қазақстанның үздік тауарлары өңірлік байқауы өткізілді. Бұл көрме отандық кәсіпкерлердің нақты әлеуетін көруге мүмкіндік береді. Ауқымды шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов қатысты.
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Құрметтті конкурсқа қатысушылар, түркістандықтар! Біз өз кәсіпкерлерімізді қолдауымыз керек. Сондықтан отандық тауар өндірушісін қолдап, жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беруіміз керек. Сондықтан отандық тауарларды тұтынайық. Оларды насихаттап мүмкіншілк беріп жүрейік. Өңірдің кәсіпкерлік саласында қосқан еңбектеріңізге және Қазақстанның үздік тауарлары көрмесіне қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Өңірдің 77 өндірушісі қатысқан көрмеде отандық өндіріс тауарларыныың үздік үлгілері көрсетілді. Атап айтқанда. тамақ және жеңіл өнеркәсіп, қайта өңдеу мен құрылыс тауарлары де бар. Ұлттық нақыштағы киімдер мен су, сүт өнімдерін де кезіктіре аласыз. Арнайы байқау нәтижесі бойынша, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.
БІРЖАН ПАЗТАЕВ – ЖЕҢІМПАЗ - Біз жыл сайын барлық көрмелерге қатысамыз. Көрмеге өзіміз өндіретін тауарларды, Күштілігі 160 транформатр алып келдік. Микрозащ.блок алып келдік. Сонымен қатар өз каталогымызды алып келдік. 00/07 Мынау номинацияны күткен жоқпын. Атамекен палатасына, облыс әкімдігіне рақмет айтамын. Осындай ұйымдастырған.
Өңірлік іріктеу жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысады. Аталған байқау осы жылдың күзінде өтеді деп жоспарланып отыр. Еске салсақ, Түркістан облыс мәртебесін иемденгелі өткізілген бұл екіншісі сайыс. Алғашқысы 2019 жылы ұйымдастырылған.