Биыл Сайрам ауданында 10 тоннадан астам цитрусты жеміс өндірілмек. Жылыжайлардың жағдайымен танысуға аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков келді. Цитрусты өндіруді бастаған кәсіпкерлердің жұмысын қолдап, мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігін айтты. Осындай жылыжайлардың бірін іске қосқан кәсіпкер Абай Ибрайұлы 115 млн. теңге қаржысын жұмсапты. Ол 30 соттық жерге ташкент сортынан 300 түп лимон көшетін отырғызған. Биыл бірінші рет осы көшеттен шамамен 10 тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр. Ал,мол өнім алу үшін жылыжай ерекше күтімді қажет етеді. Бүгінде 15 адамды қамтып отырған шаруа, бұдан бөлек 3 гектарға жуық суармалы жерге картоп өсірумен айналысады.