Түркістан
EN

Елімізде жарты жылдың ішінде 11 763 интернет алаяқтық тіркелген

229
08.08.2022

Елімізде жарты жылдың ішінде 11 763 интернет алаяқтық тіркелген. Оңай ақшаны олжа қылатындардың жолын кесу үшін Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі бірлескен шараларды іске асырмақ. Бұдан былай кибералаяқтардың жасырын нөмірлері, орналасқан жері, пайдаланатын мобильдік қосымшалары анықталады. Байланыс операторларымен келісім-шарт жасалды. Айта кетсек 2016 жылы 1000 киберқылмыс тіркелсе, былтыр 21 мың, ал биыл жарты жылда 11 763 қылмыс анықталған.

БАҒДАТ МУСИН – ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ - Біз өз тарапымыздан байланыс операторларымен бірлесіп, осы мәселені шешу жолдарын қарастыру арқылы нәтижеге қол жеткіздік. Қазіргі кезде байланыс операторлары, яғни «Kcell», «Теле2» телекоммуникация операторларының арасында телекоммуникация желілерінде рұқсат етілмеген қызметті, оның ішінде алаяқтық әрекеттерді болдырмау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.