Түркістан
EN

Қазақстанда 5G қолжетімді болады

189
08.08.2022

2024 жылы бүкіл Қазақстанда 5G қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлім етті. Оның сөзінше, бүгінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Түркістан 5G желісімен қамтылған. Сондай-ақ ол өткен жылы интернет пен байланыс қызметін сапасыз көрсеткен операторларға 135 млн теңге айыппұл салынғанын айтты. Бүгінде еліміздің 99 пайызы Интернетпен қамтылған. Бірақ, бұл Интернет пен байланыс қызметі тек ауылдық елді мекендерде ғана емес сонымен бірге қалаларда да сапалы деп айтуға келмейді. Оны вице-министр бірқатар өңірдің географиялық бедерінің күрделі екендігімен түсіндірді. Ондай өңірлер – Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарының кей жерлері. Жер бедері күрделі болған кезде операторларға интернеттің қолданыстағы технологияларын жеткізу өте қиын. Сондықтан ол жерлерге интернет спутник арқылы беріледі екен.