Түркістан
EN

Түркістандық полицей қол күрестен әлемді бағындырды

137
04.08.2022

Нидерландта өткен әлемдік  жарыста түркістандық полиция қызметкері  қол күрестен алтын медальді иемденді. Сайысқа 97 мемлекеттен кіл мықтылар қатысқан.  Бұл сында  полицейлермен қатар төтенше жағдай қызметкерлері де бақ сынапты. Аймақ намысын қолдан жібермеген полицей аға лейтенантпен тілшіміз Шынар Әділханқызы тілдесіп қайтты. 

Полиция аға лейтенанты Нұрқанат Утешов. Бүгінде Түркістан облысына бұл есім ерекше таныс. Себебі погонды азамат Нидерланд мемлекетінде өткен жарыста алтыннан алқа тақты. 90 келі салмақта армрестлинг бойынша күш сынасқан спортшы оң қолымен 5 қарсыласын тізе бүктірген. Ал сол қолы бойынша жүлделі 2 - орынды иемденді. 

НҰРҚАНАТ УТЕШОВ -  ТО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ - Менің алғашқы жарысым әлемдік деңгейге шыққан кездегі. Әсері өте жақсы. Сондай позитив. Дұрыс әсер алып қайттым.  04/05  Қазір енді біз үшін марапттың ең жақсысы өзіміздің халқымыздың, еліміздің алғысы ғой. Одан жоғары марапат. Рақметі біздің жетістігіміз халқымыз үшін қызмет жасасақ сол кісілердің рақметін алсақ сол ең жоғарғы марапт деп ойлаймыз. 

Нұрқанат Беркімбайұлының ішкі істер саласында қызмет етіп келе жатқанынан 20 жылға жуықтаған. Жастайынан спортты өзіне серік еткен аға лейтенант қол күресімен 2014 жылдан бері айналысып келеді. Жетістіктері де жетерлік. Тіпті Қазақстан, Азия чемпионы сынды атақтары  бар.

НҰРҚАНАТ УТЕШОВ - ТО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ -  Спорт денсаулық кепілі дейді ғой. Әрдайым спорттан қол үзбей жүру керек деп ойлаймын. Себебі спорт денсаулықтың кепілі. Спорт тәрбилейді. Дұрыс жолға салады. Дұрыс бағыт бағдар береді. Ел көреді. Жер көреді. Сыйлы болады. жалпы спорт адамды тәрбиелейді. Сондықтан жастарға спорттан қол үзбеңіздер деймін. 

Аталған сайыс Нидерланд мемлекетінің Роттердам қаласында 21- 31 шілде аралығында өтккен. 97 мемлекеттен кіл мықтылар қатысқан  сайысқа елімізден20 азамат бақ сынады.  Олар спорттың 63 түрінен  өзара сынға түсті. Атап айтқанда, спорттың каратэ зілтемір көтеру , күрес пен армрестилнг бойынша додаға түскен.