«ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР» атты қазақ тіліндегі туынды білім мекемелеріне тегін таратылып жатыр. Сондай-ақ ЖОО мен оңалту орталықтарына беру көзделуде. Кітап орыс тіліндегі нұсқасының авторы Ольга Мелешкевич пен Юлия Эрц. Қазақ тіліне аударылған нұсқасын «AMANAT» партиясы «Болашақ» корпаративтік фондымен бірге әзірлеген. Алдағы уақытта жаңа технологиялық әдістемелік құрал ретінде балалардың түзету бағдарламасына өзіндік пайдасын тигізеді дейді жоба жетекшілері. «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асыруда. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және олардың өмір сапасын арттыруды көздейді. Партиялық жоба үш бағытта жұмыс істейді.
БЕЙСЕН ТӘЖІБАЕВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ - «ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАЛЫҚ АШУДЫ ЖОСПАРЛАҒАН. ОСЫ 26 МЕКТЕПТЕ АШЫЛЫП ОТЫР. 79 БАЛА ОҚЫП ОТЫР. ОБЛЫСЫМЫЗДА 26 МЫҢНАН АСТАМ БАР ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН. БІРАҚ БҰЛАРДЫ ҚАМТУ ІСІ МҮМКІН ЕМЕС. 25 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 100 ПАЙЫЗ ТОЛЫҚ ҚАМТУДЫ ЖОСПАРЛАҒАНБЫЗ.ҚАЗІР 75 ПАЙЫЗҒА ЖЕТІП ОТЫР»