Түркістан
EN

Ауыз сумен қамтылу көрсеткіші жоғарылауда

97
04.08.2022

Түркістан облысының  Сарыағаш ауданында ауыз су мәселесі шешіліп жатыр. Аймақтағы  жарты төбе ауылдық округіне қарасты елді мекендерге су құбырлары жүргізілді. Оның жалпы ұзындығы 37 шақырым.  Одан бөлек, ауыз су құдықтары мен су сақтау қоймалары да орнатылған. Жөндеу жұмыстарынан соң 513 абонент, яғни 3956 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың желтоқсан айында толығымен аяқталады деп жоспарланған. Айта кетейік, қазірде аудандағы елді мекендердің 60 пайызы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Сондықтан тұрғындарды тіршілк нәрімен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді.