Түркістан
EN

Қазығұртта жалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды

101
04.08.2022

Көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып жүрген жас жігіт ұсталды. Оның айласы «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы барасында әшкере болды. Оқиға Қазғұрт ауданында тіркелген. «Газель» маркалы автокөлік жанармай құю бекетіне тоқтаған. Көліктің нөміріне күдіктенген полицейлер оны тексерді. Нәтижесінде, жас жігіттің автокөлігінің нөмірі тіркелмегені белгілі болды. Тексеру кезінде көлік жүргізушісі нөмірді тауып алып, қызығып таққанын айтты. Оқиғаның толық мән-жайын полиция қызметкерлері тексеруде. Қазіргі таңда жүргізуші жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.        

БЕКЗАТ САДЫБЕКОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ - «Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу» бойынша тіркеуге алды».