3 баламды құшағыма қысқым келеді. Осылай деген Түркістан Облысы Түлкібас ауданының тұрғыны Күмісай Утетілеуова редакциямызға хабарласты. Оның айтуынша әкімдіктегілер жынды деп жала бауып, ата-ана құқығынан айырған. Кесірінен құзыретті органдар балаларын тартып алыпты. Бауыр етінен айрылғанынан тура 1 жыл 8 ай болған ана енді қайда барарын білмей дал. Толығырақ әріптесім Айдос Игіліковтың бейнематериалында.
Ауыл әкімі жынды деп жала жауып, салдарынан құзырлы орган өкілдері баламды тартып алды. Бұл көз жасын көлдеткен Түлкібастық жалғызбасты ананың жанайхайы. Әділетсіздіктің құрбаны болдым деген Күмісай Утетілеуова жанын жегідей жеген уайымнан арылғысы келеді. Мемлекеттік мекемеде жатқан 3 баламды құшағыма қысып, бұрынғы отбасыма оралсам дейді.
КҮМІСАЙ УТЕТІЛЕУОВА-ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА- «Байым ұрып соғып, тастап кетті. 3 баламда өзімнің атымда. Кішкентайынан асырап, 5 жас 7 жасқа жеткіздім. Мен жаман мен ауру, мен балама қарамайтын болып шықтым.»
Ал осындай шым-шытырық оқиғаның туындауына кінәлі тағы бір тарап бар екен. Ол Күмісайдың туған әпкесі Алтынай Утетілеуова. Туыстарының атынан құзырлы органдарға арыз жазған осы бауыры екен. Алайда ол жаздым жаза бастым дейді. Өйткені әкімдіктегілер сіңіліңнің үстінен арыз жазсаң, жағдайын жасап береміз деп алдап соққан көрінеді.
АЛТЫНАЙ УТЕТІЛЕУОВА-КҮМІСАЙДЫҢ ӘПКЕСІ-«Бір қағаз жазып берсеңіз. Біз сіңіліңізді ауруханаға жатты деп анықтама қағаз беріп, зейнетке шығарып береміз деді»
Әңгіменің ақ қарасын білуге Түлкібас кентінің әкімі Бауыржан Жартыбаевқа бардық. Шененік Күмісайдың сөзі шылғи өтірік дейді. Сөзіне сенсек, Ақиқат іздеген анаға, баспана беріп қана қоймай, азық-түлік жеткізген күндері болыпты. Алайда алғыс айтудың орнына әйел алқымымнан алды деп ақталып отыр.
БАУЫРЖАН ЖАРТЫБАЕВ-ТҮЛКІБАС КЕНТІНІҢ ӘКІМІ – « Мен кісіні жұмысқа алдым. Айлық алыңыз өз-өзіңізді қамтамасыз етіңіз дедім. Қазір бәрі жұмыс асап өз-өзін қамту керек қой. Бұл жерде талай айқай шулар болды.
Бүгінде Күмісай балаларын бауырына басып, жынды деген аттан құтылуы бірнеше рет сотқа арыз тастаған. Алайда оның ешқайсы әлі нәтиже бермепті.