Түркістан
EN

Сарыағашта қалдықтарды қайта өңдеуде

191
03.08.2022

Қалдық полиэтелендерді жинап, пайда табуға болады.Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дәл осындай қоқысты қайта өңдейтін зауыт бар. Кәсіпорын иесі Амантай Андасов 6 жылдан бері осы бизнесті қолға алып, игілігін көріп отыр екен. 

Қоқыс зауыты дегенде көз алдыңызға қолқаны қабатын үйінді елестеген болар. Бірақ бұл жерде санаулы ғана қалдықтар қайта өңделеді.Мысалы, жылыжайдан қалған жабындылар,күнделікті өмірде қолданатын полиэтелен қапшықтар мен қоқыс салатын қапшықтар бәрі-бәрі осы жерден қайта өңделіп шығып, тұрмысыңызға жарайды.

АМАНТАЙ АНДАСОВ -  ЖЕКЕ КӘСІПКЕР - Бұл полиэтелен қоқыстарын біз өзіміз де жинаймыз, халық өздері де алып келеді.өзіміздің көліктер бар, барып алып кететін.өздері де звондайды,теплицада қалдықтар болса ескірген пленкалар болса барып алп кетеміз өзіміз.сол жерде ақшасын беріп. Және халықтар өздері де алып келеді,реклама таратқанбыз. Осында таразыға тартып алап қаламыз. Тазалығына қарай келісін 50-200 теңгеден аламыз.

Зауыт негізінен 2 бөліктен тұрады. Жуатын және қайта өңдейтін. Әуелі полиэтилен қапшықтар іріктеліп , бөлшектеліп, сонан соң 3 түрлі жуу құралынан өтеді. Тазаланған полиэтелен қоқыстар арнайы турау пышағынан өтіп,артынша  180-320 градус ыстықта электр қуаты арқылы ерітіліп шығады. Әрі қарай, экскрудер станогымен түйіршіктер пайда болады. 

БЕКЗАТ НҰРЫМБЕТОВ – ЖҰМЫСШЫ - Келген пленкаларды құабылдап алатын арнайы адам бар.келген пленкалардың ағын бөлек, қарасын бөлек бөліп алып жұмыс жасаймыз. Оны арнайы осындай туратын пышақтар бар, соған саламыз. Жалпы Жұмыс аппаратурасы жартылай автоматтандырылған.шығарып жатқанымыз 2 түрлі гранула. Ақ және қара. Қара грануладан жылыжайға арналған пластик трубалар шығарылады.ақтан күнделікті қолданып жүрген пленкалар шығарылады.

Амантайдың қол астында 14 жұмысшы бар. Олар 16 сағат бойы 2 ауысыммен жұмыс істейді. Ауылдың айналасынан екі қолға бір күрек тапқан ауыл жастары еткен еңбегіміз қызық әрі табысымыз да көңілімізден шығады дейді.

БЕКЗАТ НҰРЫМБЕТОВ – ЖҰМЫСШЫ - Жалпы осы цехта жұмыс істеп жатқаныма 2 жыл уақыт болды. Жұмысымыз өзімізге ұнайды.өзіміздің ауылда.үйге жақын жерде.жалпы жақсы.

Зауытта тәулігіне 2-3 тоннаға дейін қоқыс өңделеді. Дайын болған екі түрлі шикізат  алматы және шымкент қалаларында орналасқан арнайы цехтарға жіберіледі.тіпті кейде шет елдерге экспортталады екен.